Қоғам

Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрандарына ескерткіш орнатылды
Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрандарына ескерткіш орнатылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына қойылған ескерткіш қолында әлсіреген баланы ұстап тұрған әйелді бейнеледі

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Алматыда саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне орай 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ескерткіштің ашылу салтанатына қала билігі өкілдері мен қоғам қайраткерлерінен бөлек репрессияланғандар мен аштық құрбандарының ұрпақтары келді.

Алматылықтар 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына қойылған ескерткішті ашу салтанатында
Алматылықтар 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына қойылған ескерткішті ашу салтанатында  - Sputnik Қазақстан
Алматылықтар 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына қойылған ескерткішті ашу салтанатында

1931-1933 жалдардағы аштық құрбандарына арналған ескерткіш Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы Қарағайлы саябағында орнатылды. Аштықтан әлсіреген баланы құшағына басып тұрған ананың скульптурасы қола мен  граниттен жасалған. Оның биіктігі үш метрге жетеді. 

Қала әкімі Бауыржан Байбектің атап өтуінше монумент мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен ашылыпты. 

"Келіп түскен 20-дан астам жұмыстардың арасынан мемлекеттік комиссияның ұйғаруымен Дулат Үсенбаев, Айдос Бүркітбаев пен Қанат Бегүлиевтің баласын кеудесіне қысқан ана бейнесі жеңімпаз деп танылды. Ана — бар тіршіліктің қайнар көзі, келешек кепілі. Ана қасіреті — ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын, сәбиін құшақтаған ана халі сол замандағы өмір мен өлім арасындағы қазақ халқының басынан кешкен тағдырын шынайы бейнелейтіндей", — деді Байбек.

Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды
Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды  - Sputnik Қазақстан
Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды

1918-1933 жылдары арасында Қазақстанда әртүрлі деректермен үш милиионнан астам адам қаза тапқан екен. Оның ішінде 1931-1933 жылдары 1 миллион 700 мыңға жауық адам қаза тапқан.


Жаңалықтар
0