Оқиға

Астанада кішкентай қыз тоғызыншы қабаттан құлап кете жаздады

© Sputnik / Болат ШайхиновЖК Highvill Astana
ЖК Highvill Astana - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар үйде жалғыз қалған қыз баланы аман алып қалды

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Үйде жалғыз қалған жеті жасар қыз бала Астанадағы көп қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап кете жаздады, деп хабарлады елордалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі.

Ұлттық ұлан әскерилері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұлттық ұлан сарбаздары 14 жасар қызды аман алып қалды

18 шілде күні кешкісін құтқарушыларға келіп түскен хабарлама бойынша, кішкентай қыз тоғызыншы қабатта ашық тұрған терезе жақтауына асылып тұрған. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар Сейфуллин көшесі бойындағы он төрт қабатты "Верный" тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатында кішкентай қыздың терезе жақтауына шығып тұрғанын көріпті.

Альпинист жабдықтарының көмегімен сатылы арқан мен түсіруге арналған қауіпсіздік арқаны әзірленген. Құтқарушы пәтерге кіріп, үйде жалғыз қалған 2010 жылы туған қызды жұбатыпты. Ата-анасы келгенше, құтқарушылар қыздың қасында болған.  


Жаңалықтар
0