АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы аптаның келушілер ең көп барған он павильонын атады.
Бір жарым айда алғаш рет Ресей бірінші орыннан үшінші орынға түсіп қалды. Ал ең үздік павильондар ретінде Африка мен Египет алға озды. Ондықтың соңында Малайзия мен Германия елдері тұр.
Сонымен, үздік ондық:
1. Африка плазасы
2. Египет
3. Ресей
4. Түркия
5. Жапония
6. Үндістан
7. Сауд Арабиясы
8. Өзбекстан
9. Таиланд
10. Малайзия, Германия
"10-16 шілде аралығында ЭКСПО көрмесіне 277 707 адам келген, демек күніне орта есеппен 39 672 адам. Келушілердің жалпы саны 1 миллион 199 мың адамға жетті", — деп хабарлады Ұлттық компания баспасөз қызметі.