Қоғам

ЭКСПО-дағы ҚТЖ павильоны: әуеде қалықтаған пойыз бен локомотивке виртуалды сапар

© Sputnik / Болат ШайхиновЭКСПО-дағы ҚТЖ павильоны
ЭКСПО-дағы ҚТЖ павильоны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павильонның мәні – қарапайым теміржол компаниясының көліктік-логистикалық холдингке айналуын көрсету

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Жібек жолы, Talgo пойызы, Қазақстандағы теміржол саласының дамуы, көліктік-логистикалық орталық, Нұрлы жол вокзалы мен жаңа әуежай терминалы – осының бәрі "ЭКСПО-2017" көрмесінде 400 шаршы метр аумақты құрайтын "Қазақстан темір жолы" АҚ павильонына сыйып тұр. 

ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері арзандады

Павильондағы арнайы залда Қазақстандағы теміржол саласының даму тарихымен таныстыратын әртүрлі секторларды көруге болады.

Алғашқылардың бірі – көлік құрастыру саласының дамуы. "ҚТЖ" АҚ GR стратегия және корпоративтік даму департаментінің директоры Мұрат Бекмағамбетовтың сөзіне сүйенсек, бұл сала 2008 жылы  General Electric, Alstom, Siemens, Talgo сияқты жаһандық трансұлттық компаниялармен серіктесе отырып, технологиялар трансфертін жүзеге асыру арқылы пайда болған. Елімізде салынған зауыттар технология трансфертіне мүмкіндік берді. Бұл заманауи станоктар, құрылғылар, тиімділігі жоғары, бірақ энергия аз жұмсалатын процестер.

"Тұлпар Тальго" пойызының көшірмесі де алыстан менмұндалап, көзге бірден түседі. Залдың ортасында үлкен плазмалық экрандар орнатылған, ал импровизацияланған карталарда заманауи Жібек жолының не екені, ҚТЖ компаниясының Еуразия құрлығындағы көліктік дәліздердің жаңа жүйесін дамытуға қосқан үлесі туралы айтылады.  

© Sputnik / Болат ШайхиновЭКСПО көрмесіндегі ҚТЖ павильоны
ЭКСПО көрмесіндегі ҚТЖ павильоны - Sputnik Қазақстан
ЭКСПО көрмесіндегі ҚТЖ павильоны
 Залдың екінші шетінде жаңа әуежай терминалының, жаңа теміржол вокзалы "Нұрлы жолдың" және Астанадағы сауда-логистикалық орталықтың макеттері қойылған.

Келушілер арнайы көзілдірік киіп, бір сәтке локомотив ішіне виртуалды сапар шегеді немесе тач-панель арқылы бар ақпаратты алады.

Жаңалықтар
0