Қоғам

Қазақстанның екі азаматы Йеменнен Мәскеуге көшірілді

© Photo : Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми сайтыҚазақстанның екі азаматы Йеменнен Мәскеуге көшірілді
Қазақстанның екі азаматы Йеменнен Мәскеуге көшірілді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен Қазақстанның екі азаматы Йеменнен Мәскеуге көшірілді

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Үш жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатқан Йеменнен Қазақстанның екі азаматы Мәскеуге көшірілді, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігі. 

Шымкенттегі бейіт басындағы қоқыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте христиан бейіті қоқыстың астында қалды

"Бүгін түнде мәскеулік Домодедово әуежайына Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігініңИл-76 ұшағы қонды. Ол Йеменнен Ресейдің және ТМД елдерінің қарулы қақтығыс аймағынан кеткісі келген 62 азаматын жеткізді. Олардың қатарында Қазақстанның екі азаматы – 54 жастағы Людмила Хаджван мен оның 16 жастағы қызы Ясмин бар", — делінген хабарламада. 

Бұған дейін Людмила мен Ясмин Хаджван екі жыл бұрын Йеменде қарулы қақтығыс ушыққан уақытта Мәскеуге көшірілген болатын. 

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің дипломаттары қазақстандық азаматтарға қажетті консультативтік-құқықтық көмек көрсетті. 

Людмиланың айтуынша, көп ұзамай олар Қазақстанғаи келеді, бірақ кейін қайта Йеменге кетпек. Өйткені қызы сол жердегі мектепті бітіреді. Бұдан бөлек, араб елінде оның күйеуі мен ұлы қалған, олар Йеменнің азаматтары екен. 

Ясмин Йемендегі тырысқақ індеті туралы айтты. 

"Тырысқақ бар, бірақ газеттерде жазып жатқандай емес. Біздің айналамыздағы адамдардың ешқайсысы ауырып, көз жұмған жоқ. Біз ауырып қалмау үшін сақтанамыз", — дейді ол. 


Жаңалықтар
0