Өңірлер

Шымкентте христиан бейіті қоқыстың астында қалды

© Photo : OtyrarШымкенттегі бейіт басындағы қоқыс
Шымкенттегі бейіт басындағы қоқыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Проблеманы тамыз айының басында шешу көзделген: бейіттерді көріктендіру тендерінің жеңімпазы анықталады

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Шымкентте христиан бейітін көріктендірумен айналысатын компания анықталған жоқ, сол себепті үш жылдан бері қоқыс басып барады, деп жазады "Отырар" өңірлік басылымы.

Асылу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ШҚО-да оқушы бейіт басында асылып қалған

Бейітке қарайтын "Ритуал" ЖШС компаниясы қызметкерлері үнемі осында. Олардың айтуынша, үш жылдан бері көбейіп бара жатқан қоқыстан жағымсыз иіс шығады, мұның арты экологиялық апатқа әкеп соғуы мүмкін.

Бұл проблема бейітті көріктендіруге тендер ұтып алған компаниялар ауыса бастағанда туындады.  Көктемде өткізілген соңғы тендердің нәтижесі жарамсыз деп танылып, қазір жаңа байқау жарияланған.

Қызмет көрсетуші компания бейбіт басындағы тәртіпті қадағалап, қоқыс төгіп, су әкеліп отыруы тиіс. Қазір мұнымен қала тұрғындарының өзі айналысып жүр.

Тамызға қарай қазір өткізіліп отырған тендердің жеңімпазы анықталады. Жеңген компания бүкіл қоқыс пен қураған бұтаны тазартып, бейбіт басын тәртіпке келтіруі қажет.


Жаңалықтар
0