Өңірлер

Өскеменде дауылдан зардап шеккен зейнеткер көз жұмды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның үстіне шатыр құлап, сегіз қабырғасы сынған және өкпесіне зақым келген

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Өскемендегі дауыл салдарынан ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды YK-News жергілікті сайты.

Өскемендегі дауыл салдары - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өскеменде қатты дауылдан бес адам зардап шекті

Сайттың ақпаратына сүйенсек, 82 жастағы еңбек ардагері Шерияздан Исанов сейсенбі күні тоғыз жарым кезінде қаза тапқан.

Қарт адам Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ғимаратына бара жатқанда қатты дауыл тұрған. Ер адамның үстіне шатыр құлап, ауыр жарақат алған. Зейнеткердің сегіз қабырғасы сынып, өкпесіне жарылып жан сақтау бөліміне түскен. Бірінші қалалық аурухана хабарлағандай, дәрігерлер қанша тырысқанымен, ер адамның өмірін арашалап қала алмапты.

Бұдан бұрын дүйсенбі күні кешке Өскеменде соққан қатты дауылдан бес адамның зардап шеккені хабарланған еді.

Жаңалықтар
0