АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Ақмола облысында ер адам екінші қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Қайғылы оқиға 17 шілдеде Целиноград ауданы Қосшы ауылында болған.
"Салынып жатқан жеке үйдің екінші қабатынан 1984 жылы туған ер адам құлап кетті. Құрылысшы жедел жәрдем келгенше, алған жарақатынан қаза тапқан", — деп атап өтті ведомство.
Ер адамның денесі мәйітханаға жөнелтілді, оқиғаның мән-жайы анықталуда.