АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Алматы түбінде ер адам пойыз астына түсіп, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға Байсерке станциясында болған. Семей-Қызылорда жолаушылар пойызының машинисті шұғыл түрде тоқтағанымен, пойыз адамды қағып кеткен. Зардап шегуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталмыш дерек ҚР ҚК 344-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.