АСТАНА, 3 ақп – Sputnik. Ақмола облысының тумасы Астанаға жақын жерде пойыз астына түсіп қаза тапты деп хабарлады ІІД баспаөз қызметі.
Елорданың кейбір тұрғындары WhatsApp мессенджері арқылы 1 ақпан күні Астанаға жақын 40-шы станция маңында ер адамның пойыз астына түсіп көз жұмғандығы туралы ақпарат ала бастады. Бұл фактіні ІІД баспасөз қызметі растап, оқиғаның Астана станциясы Желілік ішкі істер басқармасындағы сот алды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелгендігін хабарлады.
Астана станциясындағы ЖІІБ қызметкерлері ер адамның кім екенін анықтаған екен. Ол 1978 жылы туылған Ақмола облысы тұрғыны. Тергеу жүргізілуде.