Оқиға

Павлодарда жүйкесі ауыратын адам пойыздың астына түсіп көз жұмды

© Public Domainер кісі темір жол маңында тұр
ер кісі темір жол маңында тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
45 жастағы ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. Павлодарда жүйкесі ауыратын ер адам маневр пойызының астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға павлодарлық көлік прокурорының орынбасары Амангелді Рахметжанов. 

Оның ақпаратына сәйкес, оқиға 17 қаңтар күні таңғы сағат бес шамаларында Павлодар станциясында болған. Ер адамның өзі пойыздың астына түскен. Машинист бірден тоқтаған, бірақ байғұсты аман алып қалу мүмкін болмады. Ол пойыздың астында бөлініп қалды.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында қаза тапқан адамның жеке басы анықталды. Ол 45 жастағы павлодарлық. Өткен жылдың қарашасынан бері облыстық психо-неврологиялық диспансерде "шизофрения" диагнозымен ем қабылдап жатқан", — деді агенттікпен әңгімелесуші.


Жаңалықтар
0