Қоғам

Министр Мұхамедиұлы Азамат Мұсағалиевтің әзіліне қатысты пікір білдірді

© Photo : Служба центральных коммуникаций (СЦК)Арыстанбек Мухамедиұлы
Арыстанбек Мухамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азамат Мұсағалиевтің қазақ тіліне қатысты әзілі көпшіліктің ашуын туғызған еді

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әзілкеш Азамат Мұсағалиевтің қазақ тіліне қатысты жұрттың ашуын туғызған әзіліне қатысты пікір білдірді.

"Меніңше, ол ойламай әзілдеп айтты. Мен оны жақсы білемін, ол жан-жақты және тартымды адам. Менің ойымша, бұл бір түсінбестік болды", — деді Мұхамедиұлы БАҚ өкілдеріне.

Азамат Мұсагалиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ тілі туралы орынсыз әзілдеген Азамат Мұсағалиев жұрттың сөзіне қалды

Еске сала кетейік, "Камызяки" КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиев ресейлік ТНТ арнасының эфирінде көрсетілген промороликке түскен. 14 секундтық видеода StandUp шоуының резиденті Нұрлан Сабуров Мұсағалиевтен қазақ тілінде "Өзің қалай? Денсаулық қалай?" деп сұрайды. Ал Азамат "Курлы-мурлы, курлы-мурлы" деп жауап береді. Оның айтқанын түсінбеген Нұрлан "бұл не мағына береді?" деп сұрайды. Ал Мұсағалиев: "Қалайша? Сенің сөзіңнің мәні бар ма? Мен жай әзілдеп жатқан шығармыз десем", — дейді.

Қазақ жігіттерінің бұл әзілі жұрттың ашуын туғызды. Пікір қалдырғандардың көпшілігі өз ана тілі туралы орынсыз қалжыңдаған әзілкештерді өткір сынның астына алды.

Жаңалықтар
0