Қоғам

"Қазақстан инжиниринг" басшысы мерзімінен бұрын қызметінен босатылды

Жазылу
Ерлан Ыдырысов басқарма төрағасы қызметінен мерзімінен бұрын кетті, ал ұлттық компанияның бұрынғы топ-менеджері үй қамауында отыр

АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысов мерзімінен бұрын қызметінен босатылды. 

"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен тараптардың келісімі бойынша басқа қызметке ауысуына байланысты Басқарма Төрағасы Ерлан Сапарғалиұлы Ыдырысовтың өкілеттігі тоқтатылды", — деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің ресми сайты. 

Ерлан Ыдырысов "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып 2015 жылдың 25 ақпанынан қызмет етті. Әр жылдары ол акционерлік қоғамның басқарушы директоры және басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Иоганн Меркель - Sputnik Қазақстан
Саясат
Иоган Меркель Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінен босатылды
 

"Қазақстан инжиниринг" сайтының ақпараты бойынша Ыдырысов басқарма төрағасы болып қызмет еткен уақытта басқа ұйымдардың директорлар кеңесінің мүшесі болған жоқ. Сондай-ақ ұлттық компанияның және оған қатысы бар басқа да компаниялардың акцияларын иеленбеген. 

Биылғы жылдың 22 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазақстан инжиниринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековты ұстаған болатын. Қазіргі уақытта ол сот шешімі бойынша үй қамауында отыр. Сұлтанбековты жазалау мерзімі биылғы жылдың 16 тамызына дейін белгіленген. 

Осы орайда ҰҚК Сұлтанбековтың үстінен қандай бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған жоқ. Бұған дейін саясаттанушы Данияр Әшімбаев Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен айналыспайтынын, оның құзыретіне есіркті бизнесі не болмаса террористік, экстремистік қызметті қаржыландыру істері кіретінін айтқан еді. 

2016 жылңы 26 желтоқсанда мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев ұсталды. ҰҚК бұрынғы басшысы 203 жылдың сәуірінен 2014 жылдың наурызына дейін "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ –ның тәуелсіз директоры және директорлар кеңесінің мүшесі болды. 

"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ 2003 жылы құрылды. Қазіргі уақытта компанияның жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры болып табылады. 

"Қазақстан инжиниринг"- "ұлттық" деген мәртебесі бар Қазақстандағы жалғыз машина жасау компаниясы.

Жаңалықтар
0