Саясат

Иоган Меркель Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінен босатылды

© Photo : Генеральная прокуратура РКИоганн Меркель
Иоганн Меркель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Меркель Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін 2008 жылдан атқарып келді

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Иоган Меркель Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Н.Назарбаевтың Өкімімен И.Меркель басқа жұмысқа ауысуына байланысты Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды», — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі твиттердегі парақшасында. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Иоган Меркель ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 

ҚР Конституциялық кеңесінің мүшелігі қызметінен Николай Белоруков өкілеттігінің аяқталуына байланысты босатылған еді. 

Иоган Меркель әр жылдары Әділет министрінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінде бөлім меңгерушісі, Сенат депутаты болып қызмет етті. Президенттің Жарлығымен Бас прокурордың бірінші орынбасары лауазымына 2008 жылы тағайындалған еді. 
Жаңалықтар
0