Өңірлер

"ГАЗель" мен трактор соқтығысуының мән-жайы белгілі болды

© Sputnik"ГАЗель" мен трактор ұшыраған жол апаты
ГАЗель мен трактор ұшыраған жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Микроавтобуста тойдан қайтып бара жатқан қонақтар болған

АСТАНА, 17 шілде  — Sputnik. Тергеу ісі барысында Ақмола облысында болған ірі жол апатының кейбір жайттары анықталды: "ГАЗель" жолаушылары Қостанай облысында болған тойдан қайтып келе жатыпты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

қоршалған аумақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында трактор мен "ГАЗель" соқтығысып, 3 адам қаза тапты

Жол апаты 16 шілде күні таңертең Атбасар-Державинск тас жолының 85-шақырымында Қима елді мекенінен 10 шақырым жерде болды. Газель автокөлігінің жүргізушісі, 1967 жылы туған Арқалық қаласының тұрғыны жылдамдықты сақтамай, МТЗ-80 тракторымен соқтығысады. Газель трактордың шөп тиелген тіркемесін соққан. 

Апат салдарынан 1964 жылы туған әйел мен 1960 және 1951 жылғы екі ер адам қаза тапты. Сондай-ақ, 9 адам зардап шеккен, оның ішінде 8 жасар бала бар. "Газелдің" ішінде Арқалық және Қостанай облысы Жангелді ауданының тұрғындары болған. 

Жол апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, біршама сараптамалар тағайындалған. 

Қостанай облысы тұрғындары Ақмола облысындағы Астрахан ауылына тойға бару үшін көлік жалдапты. Қайтар жолда жол апатына түскен. Қаза тапқан әйел мен зардап шеккен бала жолшыбай кезіккен жолаушылар екен. 

Жаңалықтар
0