Әлем

Қазақстанның 2 мыңға жуық азаматына Түркияға кіруге тыйым салынды

© AFP 2024 / OZAN KOSEЫстамбұлдағы халықаралық әуежай, архив
Ыстамбұлдағы халықаралық әуежай, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркияның "қара тізіміне" Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы және басқа да елдерден 50 мыңнан астам азамат енген

АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Түркия "қара тізім" жасады, оған әлемнің 146 елінен 54 мыңға жуық азамат еніп отыр. Оларға лаңкестік ұйымдармен байланысы үшін Түркия аумағына кіруге тыйым салынды. 

ислам уағызшысы Фетхуллах Гюлен - Sputnik Қазақстан
Әлем
Гүлен мен 130 қашқын Түркия азаматтығынан айырылды

Түркия Республикасының ішкі істер министрлігінің ДАИШ-пен күрес жөніндегі баяндамасына сүйенсек, "қара тізімге" Қазақстанның 1914 азаматы енген. Сонымен бірге тізімде Сауд Арабиясы, Тунис, Ресей, Марокко, Тәжікстан, Франция, Ирак, Әзербайжан және Бельгия азаматтары бар. 

"146 елдің 53 781 азаматына террористермен байланысып, қақтығыс аймағында болуы мүмкін болғандықтан Түркия аумағына кіруге тыйым салынды", — деп айтылған баяндамада. 

Түркияның Сыртқы істер министрлігінің түсіндіруінше, тізімге азаматтары лаңкестік ұйымдармен байланысқан және Сириядағы қақтығыс аймақтарына барған мемлекеттер кірген. 


Жаңалықтар
0