АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Түркия оппозициялық ислам уағызшысы Фетхуллах Гүленді азаматтығынан айырды, билік оған бүлік ұйымдастырды деген айып тағып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Гүленнен басқа үстінен тергеу жүріп жатқан шетелдегі 130 адам Түркия азаматтығынан айырылды. Олар елдеріне оралып, ресми органдарға жүгінбесе, үш айдан соң түрік төлқұжаттарынан айырылады.
2016 жылғы 16 шілдеге қараған түні Түркияда бүлікшілер тобы әсери төңкеріс жасамақ болды. Негізгі шерулер Анкара мен Стамбулда болды. 240-тан астам түрік азаматы қаза тауып, 2 мыңнан астамы жарақат алды. Бүлік басылды.
Түркия билігі Гүленді төңкеріске қатысы бар деп айыптап, АҚШ-тан оны экстрадициялауды талап етті. Гүленнің өзі бүлікті айыптап, оған ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген.