Өңірлер

Заңсыз сотталған Алматы тұрғыны мемлекеттен 5,7 миллион теңге өндіріп алды

© Photo : pixabay.com/AJELСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкім шығарылған соң екі жылдан кейін қылмыс құрамы болмауына байланысты тергеуші істі жапқан

АСТАНА, 17 шілде  — Sputnik. 15 жылға заңсыз сотталған Алматы тұрғыны мемлекеттен 5,7 миллион теңге өндіріп алды.

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетаудағы судья өліміне қатысы бар күдікті бұрын сотталған болып шықты

Істің деректеріне сүйенсек, арыз беруші С. 14 жасқа толмаған тұлғаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық іс-әрекеттер жасады деген күдікпен 2013 жылы қазанда ұсталған. Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 2014 жылы 15 жылға сотталған еді. 2014 жылы қыркүйек айында апелляциялық сот коллегиясы үкімді өзгеріссіз қалдырды.  

Содан кейін ер адам өзінің кінәсіздігін дәлелдеуді жалғастыра береді, 2015 жылы тамызда Алматы қалалық сотының кассациялық сот коллегиясының қаулысымен апелляциялық сот коллегиясының қаулысы өзгертіліп, іс Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясының қайта қарауына жаңа құрамда жіберілді. 

2016 жылы қалалық соттың апелляциялық коллегиясы Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 27 маусымдағы үкімін алып тастап, істі қосымша тергеуге бағыттайды. 

Ақыры соңында 2016 жылы маусымда Алматы қаласы Түрксіб аудандық ІІБ тергеушісі қылмыс құрамының жоқтығына байланысты арыз берушіге қатысты қылмыстық істі тоқтатуға қаулы шығарады.

Юрий Пак - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сотталған мұғалім Юрий Пактың жаза мерзімі бес айға қысқартылды

Осылайша, сот  С. Я арыз берушінің заңсыз ұсталып, сотталғанын, түрмеде 2 жыл 7 ай 7 күн, яғни 890 тәулік отырғанын анықтады.  

Арыз беруші соттан материалдық шығын ретінде 3 551 981 теңге және моральдық шығын ретінде 50 миллион теңге төлеуді сұрады. 

Сот заңсыз ұсталып, сотталу салдарынан келген зиянды өтеу туралы арызды жартылай қанағаттандыруға шешім қабылдаған. 

"Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінен С. азаматқа материалдық шығын ретінде 2 362 397  теңге және сот шығыны ретінде 340 000  теңге, сондай-ақ моральдық шығын ретінде 3 000 000  теңге төленсін. Арыздың қалған бөлігі қанағаттандырылмайды", — делінген сот шешімінде. 

Арыз беруші соттың бұл шешіміне апелляциялық шағым түсірген екен. 

Жаңалықтар
0