Өңірлер

Ақтауда SCAT әуе компаниясының рейстері кешігуде

© Photo : Официальная страница авиакомпании "Scat" в соцсетяхScat ұшағы
Scat ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жексенбі күні кешке де бірқатар рейс кешіккен

АСТАНА, 17 шілде  — Sputnik. Ақтау әуежайында SCAT әуе компаниясының бірнеше рейсі кешігуде. Ұшу және қону таблосына сәйкес дүйсенбі күні таңғы сағат 9-да Ақтауға бағытталған үш рейс және Ақтаудан шығатын бір рейс уақытылы орындалмайды.

ұшақ, аспан - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қасымбек: ұшақ билеттері арзандайды

Ақтау әуежайының сайтындағы онлайн-таблода Махачкалаға аттанатын рейс және Мәскеу, Стамбул, Атырау және Махачкаладан келетін рейстер кешігіп жатқаны жазылған.

Жексенбі күні кешкісін кешіккен рейстер бұдан да көп болған.

Әуе компания баспасөз қызметі  "Лада" басылымына берген мәліметінше, халықаралық рейстердегі транзиттік жолаушыларды күтуге байланысты бұл рейстер де кешіктірілген.

Компанияның айтуынша, қолайсыз жайтқа тап болған жолаушыларға ыстық тамақ, қонақ үйден орын берілген, компания өкілдері жолаушылардың қасында.

Жаңалықтар
0