Экономика

Қасымбек: ұшақ билеттері арзандайды

CC0 / / ұшақ, аспан
ұшақ, аспан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақ билетінің бағасы әуе жанармайының құнымен байланысты

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту ұшақ билеттерінің арзандауына ықпал етеді, деп мәлім етті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. 

Оның айтуынша, Қазақстанға 800 мың тонна көлемінде әуе жанармайы қажет. Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты 300 мың тонна өндіреді, ал бұл жеткіліксіз. 

Осыған орай Қазақстан қалған жанармайды Ресейден жеткізеді, ал бұл өз кезегінде ұшақ билетінің бағасына ықпал етеді. 

"Энергетика министрлігі хабарлағандай, биылғы жылдың соңына дейін зауыттарды жаңғырту жұмыстары аяқталады. Келесі жылдан бастап, қажетті жанармай көлемін алатын боламыз. Билеттер арзандайды", — деді Қасымбек БАҚ өкілдеріне. 

Оның атап өтуінше, ұшақ билеті бағасының 30-35%-ын әуе жанармайының бағасы құрайды. Жанармайдың арзандауы бұл цифрді 20-25%-ға төмендетеді. 

 

Жаңалықтар
0