АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Жексенбі күні күндіз Мадридте ойын-сауық паркіндегі аттракционнан 33 адам зардап шекті, олардың арасында балалар да бар, деп хабарлады РИА Новости EFE агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға "Шахтадан шыққан пойыз" атты "америкалық әткеншекте" болған. Бастапқыда 26 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Олардың болар-болмас жарақат алғандығы атап өтілді.
Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, екі аттракцион бір-бірімен соқтығысып қалыпты: біріншісі кенет тоқтап қалғанда, екіншісі артынан келіп қаққан екен.
Адамдар виртуалды шынайылық көзілдірігін кигендіктен, соққыны күтпеген болса керек.
Ойын-сауық паркінің басшылығы сендіргендей, "америкалық әткеншектің" қауіпсіздігі мұқият тексеруден өткен.