Оқиға

Астанадағы өртте Нигерия және Ұлыбритания азаматтары балаларымен бірге қаза болды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтужедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғын кешеннің тоғызыншы қабатында өртенген тұрмыстық техника мен жиһазды 25 өрт сөндіруші сөндірді

АСТАНА, 14 июл — Sputnik. Астанадағы Highvill тұрын кешеніндегі өрт кезінде тұншықтырғыш газға улану салдарынан Нигерия және Ұлыбритания азаматтары балаларымен бірге қаза болды, деп хабарлады Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.

Хайвилл тұрғын үйі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада "Highvill" тұрғын үйінде шыққан өрт салдарынан 4 адам көз жұмды

"14 шілдеде сағат 05.00-де Байтұрсынов көшесі бойынша "Highvill" тұрғын кешенінде пәтердің өртенгені жайлы оқиға ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша Бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді. Оқиға орнында 1953 жылы туған Нигерия азаматы, оның зайыбы — 1963 жылы туған Ұлыбритания азаматшасы, 8 және 17  жастағы кәмелеттік жасқа толмаған балаларының мүрдесі табылды", — деп хабарлады ІІД-де. 

Полицияның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Бұдан бұрын 24 қабатты тұрғын үйінің 9 қабатында өрт болғаны хабарланған. ҚР ІІМ ТЖК ақпаратына сәйкес, жалпы аумағы 65 шаршы метр жерде жиһаз, тұрмыстық техника мен үйдегі заттар өртенген. 

Оқиға орнына биік ғимараттарда шыққан өртті сөндіретін техника мен 25 адам жұмылдырылды. 


Жаңалықтар
0