Өңірлер

Атырауда отбасы мүшелерін байлап, үйін тонап кеткен қарақшылар сотталды

© Photo : Pixabay / TheDigitalWayҰры
Ұры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарақшылар бірнеше күн бойы қылмыс жоспарын құрып, үй иелерін сырттай бақылаған

АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Атырауда қарақшылық шабуыл жасағаны үшін айыпты деп танылған бес тұлғаға үкім шығарылды, деп хабарлады №2 қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Қария - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат: жалғызбасты қарттарды өлтіріп, пәтерлерін сатқан қарақшылар елдің жағасын ұстатты

Істің деректері бойынша шабуылға қатысушылардың бірі қомақты қаражат сақтаулы үйді анықтаған. Ақшаны тонау мақсатында өзінің таныстарын да жұмылдырған.  

Қарақшылар бірнеше күн бойы қылмыс жоспарын құрып, үй иелерін сырттай бақылаған. 27 сәуір күні таңертең қылмыскерлер үйге қарумен басып кіріп, отбасы мүшелерін байлап, сейфті тауып, ашқан. Сейфтегі ақшаны тонап, қашып кеткен, ұрланған қаражатты өзара бөліп алыпты. 

Сот үкімімен сотталушылар айыпты деп танылып, қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді. 

Бірінші және екінші сотталушы алты жылға, тағы екеуі бес жылға, соңғысы 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтар
0