Қоғам

Депутат: жалғызбасты қарттарды өлтіріп, пәтерлерін сатқан қарақшылар елдің жағасын ұстатты

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуҚария
Қария - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутат осындай сұмдық қылмысты алдағы уақытта болдырмау үшін Үкіметке ұсыныстар енгізді

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Бүкіл елдің жағасын ұстатқан Алматы қаласындағы сұмдық қылмыс қайталанбауы үшін бір топ Мәжіліс депутаты Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдап, өз ұсыныстарын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мужчина с костылем - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жалғызбасты қарттарды өлтірген қара риэлторлар ұсталды

Жақында Алматы қаласында полиция қызметкерлері жалғызбасты қарт адамдарды өлтіріп, олардың пәтерлерін сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтаған болатын. Қылмыс әлемінің беделдісі басқарған 20-дан астам қарақшының ішінде бұрынғы полицейлер мен нотариустар бар болып шықты. Қазірдің өзінде тергеушілер олардың із-түзсіз жоғалып кеткен төрт адамның пәтерлерін заңсыз иемденіп, сатып жібергендігін анықтаған. Қандықол қарақшылардың осындай 45 қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін.

"Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қауқары шамалы қарт кісілерді аңдып жүріп, ұстап алып, тұрып жатқан жеке меншік пәтерлерін өздерінің аттарына мұра қалдыру туралы жазбаша өсиетке ұрып-соғып қинап, қол қойдыртып, өз орталарындағы нотариустар арқылы заңдастырып алған соң оларды өлтіріп, мүрделерін жасырып келген көрінеді. Осы бұрын-соңды құлақ естімеген сұмдық қылмыс туралы хабардан қазақстандықтар жағаларын ұстап, әлеуметтік желілерде өздерінің орынды ашу-ызасын білдіруде және қамауға алынған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне барынша қатаң жаза белгілеуді талап етуде", — деді Мәжілістің жалпы отырысында депутат Кәрібай Мұсырман.

Осындай масқара қылмысты алдағы уақытта болдырмау мақсатында депутаттар өз ұсыныстарын дайындаған.

Әжей - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда екі әйел зейнеткер әжейді соққыға жығып, тонап кеткен

"Бірінші, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Алматы қаласындағы жоғарыда айтылған айуандық қылмыстардың орын алу себептеріне талдау жасауы және соның негізінде жалғызбасты қарттар мен мүгедектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүліктерін басқа адамға мұраға беру туралы өсиетке зорлық-зомбылықпен қол қойдыру және қасақана өлтіру жолымен заңсыз иемденуге жол бермеу шараларын қарастыруға тиіс. Екінші, қылмыскерлердің жалғызбасты қарт адамдар мен мүгедектердің мүліктері туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін шектеу шараларын қарастыру қажет. Үшінші, Ішкі істер министрлігі бұрынғы полиция қызметкерлерін ұйымдасқан қылмыстық топқа кіруге не итермелегендігін анықтауы және ондай себептерді болдырмауға бағыттлаған ықпалды шараларды қолдануы, сондай-ақ полицияның жеке құрамы арасындағы тәрбие жұмыстарын күшейтуі тиіс", — деді Мұсырман.

Бұдан бөлек, депутаттың айтуынша, Әділет министрлігі нотариустардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс-жүргізу ережелерін қатаң сақтауын бақылауды күшейткені жөн.

Жаңалықтар
0