Өңірлер

Әкімдікте жанжал шығарған Сәтпаев қаласының белсенділері жазаланды

© Photo : Daniel BoneСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белсенділер түнгі уақытта ішімдік сатылғаны туралы жеткізу үшін әкімнің орынбасарына барған екен

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Әкімнің орынбасарымен кездесуді видеоға түсіріп алғысы келген Сәтпаев қаласының белсенділері бес күнге қамауға алынды, деп хабарлайды қақтығысқа қатысқан Берік Жағыпаров Facebook парақшасында.

Жұдырық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Оралдық жанжалқой полицейдің мұрнын бұзғаны үшін жазаланды

"Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс сотқа кеше кешкісін түсіп, бірден қаралды. 

"Жаңа ғана сот бітті, бес күнге қамауға алу жазасына кесті. Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендинаның мазасын алғанымыз үшін айыптады. Онымен сұхбаттасу үшін алдын ала рұқсат алу керек екен", — деп жазды Жағыпаров. 

Берік Жағыпаровпен бірге жергілікті белсенді Асқар Қошанов та 5 күнге әкімшілік қамауға алынған.  

Оқиға Сатпаев қаласы әкімдігінде 11 шілде күні болған. Қаладағы танымал белсенділер Берік Жағыпаров, Андрей Цуканов және Асқар Қошанов қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендинаға келген. Белсенділер орынбасарға қала орталығында түнгі уақытта ішімдік сатылатынын жеткізбек болыпты. 

"Негізінде біз Сәтпаев қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айгүл Төлендинадан "қалада түнгі сағат 23.00-ден кейін неге ішімдік емін-еркін сатыла береді?" деп сұрағымыз келген. Арыз-шағымды жиі естиміз: қала тұрғындары ішімдікке сылқия тойып алып жүреді, бүкіл аулалар мен скверлерде ішімдік ішіп отырған жастарды көреміз. Әкімдіктен екі аттам жердегі дүкенде түнгі 23.00-ден кейін емін-еркін ішімдік сата береді", — деп жазады Берік Жағыпаров Facebook парақшасында.

Оның сөзіне сүйенсек, болған жайтты белсенділер бастан-аяқ видеоға түсіріп алмақ болған. Әкімдік қызметкерлерінің бірі түсірілімді тоқтатуды сұрайды, содан соң камераны тартып алып, терезеден лақтырып жіберуге тырысады. 

Жанжал кезінде басшысын қорғамақ болған аяғы ауыр қызметкер зардап шегіпті. Қазір ауруханада жатыр екен. Әйелдің айтуынша, қақтығыс кезінде оны итеріп жіберіпті. Бұл түсініктемені полиция тексеріп жатыр. Жүкті әйелдің шағымы ұсақ бұзақылық туралы іске қатысты емес. 

Жаңалықтар
0