АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Алты мыңға жуық қазақстандық Корея Республикасында заңсыз жүр, деді Астанада өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның Кореядағы елшісі Ким Дэ Сик.
"Қазіргі уақытта Қазақстаннан Кореяға заңсыз мигранттар саны 5700 адамды құрады. Визалық тәртіпті жою туралы келісім жасалғанға дейін бұл сан 12 есеге аз болатын", — деді Ким Дэ Сик.
2014 жылғы қарашада Корей Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы визалық тәртіпті жою туралы келісім күшіне енді. Кореяға турист ретінде немесе жеке шаруа бойынша я болмаса ем алу үшін іскерлік мақсатпен баруға ниет білдірген қазақстандықтар визаны рәсімдеусіз онда 30 тәулік бола алады. Кореяға жұмысқа тұру мақсатында, оқуға немесе тұрақты мекен жайға баратындарға бұл келісімнің күші жүрмейді.
Елшінің сөзіне қарағанда, қазақстандықтар осы ережені жиі бұзады екен. Сондықтан елге кіру тәртібі күшейтіліпті.