АСТАНА, 29 нау — Sputnik. Қазақстанның екі мыңға жуық азаматы Оңтүстік Корея аумағында жүр, деп хабарлады ҚР-ның Оңтүстік Кореядағы елшісі Дулат Бәкішев.
"Заңсыз мигранттар саны артты. Бұрын, екі-үш жыл бұрын мұндай мәселе туындамайтын, өйткені ҚР азаматтары үшін Оңтүстік Кореяда қалу қажетігі болмайтын. Бірақ, өкінішке орай, кейбір азаматтармыз Кореяға визасыз бару мүмкіндігін пайдаланып, барып, сонда қалып қояды", — деді Бәкішев.
Елшінің атап өтуінше, жалпы заңсыздармен жағдай айтарлықтай нашар емес.
"Проблемалары біздікінен көп елдер бар", — деп түйді Дулат Бәкішев.