АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. "Эйр Астананың" үш рейсі кешігіп жатыр, біреуі кешігіп ұшты, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметінде.
Қазақстан елордасынан Грузияға, Қырғызстан мен Ақтауға рейстер кешігіп жатыр. Сондай-ақ бүгін Астанадан Новосібірге борттың ұшу уақыты кейінге қалдырылды.
"Техникалық себептермен борттардың ауыстырылуына байланысты Астана-Тбилиси, Астана-Бішкек, Астана-Ақтау рейстері кешіктіріліп жатыр", — деп хабарлады корпоративті коммуникациялар менеджері Тлек Әбрахимов. Сондай-ақ, Астана-Новосібір рейсінің де кешіктірілгенін бірақ ұшып кеткенін нақтылады.
"Эйр Астана" өкілінің ақпаратына сәйкес, ұшу уақыты келесідей болып өзгертілді: Астана – Тбилиси 16:20-дан 18:00-ге, Астана – Бішкек 15:15-тен 18:50-ге, Астана – Ақтау 20:55-тен 23:20-ға. Астана – Новосібір 09:05-те ұшуға тиіс болатын, 13:20-да ұшты.