Оқиға

Алматыда ер адам екі шіркеуді таспен атқылады

© REUTERS / Шамиль ЖуматовАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дін қызметшілеріне ренжіген Алматы тұрғыны осылайша олардан өшін алмақ болған

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматы аумағында жас жігіт екі православ шіркеуін таспен атқылады, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда ер адам жұртты жер алып беремін деп алдаған

Полиция хабарлағандай, түнгі сағат бірден кете белгісіз бір жас жігіт 28 панфиловшылар паркінде орналасқан Свято-Вознесенский кафедралды соборының терезесін таспен атып, қиратқан. 

Жарты сағаттан соң ер адам Алатау ауылындағы Петр және Павел киелі апостолдар ғибадатханасына жетіп, терезесін сындырған. 

Жедел қызметкерлер бейнекамера арқылы күдіктіні ұстап алды. Ол 1984 жылы туған Иванов Л. есімді азамат екен. Көлігінен жұмыр тастар табылған. 

Полицияның берген мәліметінше, ер адам айыбын мойындамай отырған жоқ, дін қызметшілерімен кикілжіңге келіп, осылайша өш алмақ болған. 

Жаңалықтар
0