АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альварестің соққысы мығым дегенге сенбейтінін айтты, деп жазады vesti.kz.
"Чавес пен Коттоға зақым келтіре алмасаңыз, 400 кездесу өткізіп, зақым алмаған Головкин жайлы не айтуға болады?", — деді Санчес ESPN Deportes арнасына берген сұхбатында. — Головкиннің соққысы "Канелоға" тым ауыр болатынын сезіп отырмын. Triple-G жеңеді, бірден нокаутқа түсірмесе де, соңғы раундтарда құлатады".
Бұған дейін қазақстандықтың бапкері Абель Санчес Головкин қартайды дейтіндерді таңғалдыруға уәде берген еді. Мұндай пікірлер қазақстандық боксшының америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңген кезінде айтыла бастаған болатын.
Головкин — Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.