Экономика

Теңгеге қысым күшейіп барады: Ұлттық банк валютаны тағы да қорғауда

© SputnikАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Ұлттық банкі соңғы 12 айда валюта нарығына алғаш рет араласқандығын мәлімдеді

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Ұлттық банк америкалық долларға қатысты ұлттық валюта бағамының күрт түсуіне алаңдаулы. 

Банкомат - Sputnik Қазақстан
Экономика
Qazkom мен Халық банкі банкоматтарын біріктіреді

Реттеуші түсіндіріп өткендей, 2017 жылы маусымда мұнай бағасы төмендеп, ресейлік рубль әлсіреген, соның ықпалы теңгеге де қысым түсірсе керек. 21 маусымда мұнай бағасы барреліне 45 долларға дейін төмендеп, ресейлік рубль 1 доллар үшін 60 рубль болған. 

Осы жағымсыз факторлар нәтижесінде теңге бағамы да өте төмен деңгейге түсіп кетуі мүмкін еді, деп санайды Ұлттық банк. Сонымен реттеуші 101 миллион АҚШ долларын нарыққа қосып, валюта бағамының күрт өзгерісінің алдын алып отыр. 

"Теңге бағамының құбылмалығын шектеу мақсатында Ұлттық банк АҚШ долларына деген сұранысты қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, 101 миллион АҚШ долларын сатты", — деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0