АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Алатау ауданының жаңа әкімі болып Шахмерден Рыспаев тағайындалды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек аудан әкімдігінің ұжымына жаңа басшыларын таныстырды.
Шахмерден Рыспаев — жеке секторда да, мемлекеттік басқару ісінде де тәжірибесі бар. Мемлекеттік қызметті 2001 Алматы қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған.
2002-2005 жылдар аралығында "Медеу" мемлекеттік табиғи паркінің аға консультанты қызметін атқарған.
2010-2015 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің мемлекеттік-құқық бөлімінің бастығы болған.
2015 жылдан бастап Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.