АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. ҚР Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен ауданның жаңа әкімі болып Мұхтар Тәжібаев тағайындалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ауданның бұрынғы әкімі Талғат Разақов Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы болып тағайындалған.
Мұхтар Тәжібаев мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігінің бөлім инспекторы ретінде бастайды.
1997-1998 жылдары Алматы қаласы ТЖ басқармасында жетекші маман, сектор меңгерушісі болған.
2001-2010 жылдар аралығында қалалық жалпы білім беру мекемелерінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған.
2010-2012 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.
2012 жылдан бастап Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.