Саясат

Раушан Есболатова Қазақстанның Таиландтағы жаңа елшісі болып тағайындалды

© Photo : kazconsulny.orgРаушан Есболатова
Раушан Есболатова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Раушан Есболатова Қазақстанның Таиландтағы елшісі қызметінде Марат Есенбаевтың орнын басты

АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанның Таиландтағы жаңа елшісі қызметіне Раушан Есболатова тағайындалды, деп хабарлады дүйсенбіде Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", — делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысының өзге жарлығымен Марат Төлеубекұлы Есенбаев Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. 

БАҚ ақпаратына сәйкес, Есболатова бұрын ҚР-ның Нью-Йорктегі бас консулы қызметін атқарған. 


Жаңалықтар
0