Қоғам

Фармация комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды

© SputnikДеньги, взятка
Деньги, взятка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің қызметкерлері жүйелі түрде пара алып келген

АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті мен оның аумақтық құрылымдарының лауазымды тұлғалары жүйелі түрде пара алып, фармацевтикалық компаниялардың мүддесін қорғағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі. 

пара - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Пара алды деген күдікпен Леңгір қаласының әкімі ұсталды

Ұлттық бюроның хабарлауынша, 3 шілде жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам мөлшерде бірнеше мәрте пара алған Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Пак Л.Ю., Павлодар облысы бойынша фармация департаментінің басшысы Қажинова З.Ш., Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармация комитетінің  бас маманы Имамходжаев П.Т., Фармация комитетінің бас сарапшысы Ибраева Д.К. ұсталды. 

Бұл адамдар өндірістік және дистрибьютерлік тәжірибе сертификатын бергені үшін заңсыз сыйақы алып отырған. 

Бұдан бөлек, "Зерде" ҒӨБ" ЖШС атқарушы директоры Жүзбаева Э.М. пара бергені үшін ұсталды. 

"Сонымен бірге аталған лауазымды тұлғалар пара алумен қатар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында сатып алынатын медициналық препараттардың құнын көтеру арқылы бюджеттік қаржыны жымқырды деп айыпталып отыр", — деп хабарлайды Ұлттық бюро. 

Сот санкциясымен Пак, Қажинова, Имамходжаев және Жүзбаева тұтқындалып, Ибраева үйқамаққа алынды. 


Жаңалықтар
0