Оқиға

Пара алды деген күдікпен Леңгір қаласының әкімі ұсталды

© Sputnikпара
пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жемқорлыққа қарсы қызметі Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының лауазымды тұлғаларын парамен ұстады

АСТАНА, 3 нау – Sputnik. Пара алды деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданы Леңгер қаласының әкімі ұсталды, деп хабарлайды жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі. 

Жер телімін беру үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданы Леңгер қаласының әкімі мен осы ауданның жер қатынастары бөлімнің бас маманы тұрғыннан 100 000 теңге сомасында пара алып жатқан жерінде қолға түсті, деп хабарланады.  

Ал Жамбыл облысында 300 000 мың теңге пара алғаны үшін Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы ұсталды. Ақша қаражаттарын күдікті жерге орналастыру жобасына қол қою үшін алған.  

Қарағанды облысы бойынша департаментімен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің №3 дәрігерлік-әлеуметтік сараптамалық бөлімінің басшысының жүйелі түрде жалпы сомасы 300 000 теңге мөлшерінде пара алғаны әшкереленді.

Ол 2 наурызда 3-топ мүгедектігін кедергісіз ұзарту үшін 80 мың теңге мөлшерінде кезекті пара алып жатқан жерінде ұсталып, Жезқазған қаласының ІІБ УҰА қамалды.

Ұсталғандар кінәларын толығымен мойындап отыр, сондықтан  сотқа дейінге өндіріс жылдамдатылған тәртіпте аяқталатын болады. 


Жаңалықтар
0