АСТАНА, 8 шілде — Sputnik. Ақтөбеде жаяу жүргіншілерді қаққан көлікті 19 жасар қыз басқарған, деп хабарлады облыстық ІІД-де.
"2017 жылғы 7 шілдеде сағат 21:10-да 19 жастағы қыз 2002 жылы шыққан Suzuki Xi7 көлігімен Тұңғыш Президент атындағы саябақтың жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Қаланың бас даңғылымен келе жатқан жүргізуші қауіпті жағдай туындағанына қарамастан жылдамдықты бәсеңдетпей, серуендеп жүрген 19 жастағы қыз бен жігітті қағып кетті", — деді полицейлер.
Жол апаты салдарынан бойжеткен қаза болды. Ал жігіт бірнеше жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған жігіттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Сонымен қатар, көлік жүргізушісі де аурухана жатқызылды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірнеше сараптама тағайындалды. Куәгерлерден жауап алу басталды.