Оқиға

Ақтөбе саябағында көлік жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтужедел көлік
жедел көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған жол апаты болды

АСТАНА, 8 шілде — Sputnik. Ақтөбеде Тұңғыш президент саябағында 7 шілде күні кешке жол апаты орын алып, жаяу жүргінші ажал құшты, деп хабарланады Instagram желісіндегі zello.aktobe парақшасында. 

 

Публикация от ZELLO AKTOBE — OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) Июл 7 2017 в 10:18 PDT

"11 ықшам ауданындағы саябақ. Автомобиль жарысы қайғылы оқиғамен аяқталды. Кросовер тротуарға шығып кетіп, бойжеткен қызды қағып өлтірді", — делінген оқиға орнынан түсірілген суретке қоса берілген мәтінде. 


 

Желі пайдаланушылары пікір білдірулерде, көлік рулінде қыз болған болуы мүмкін деп жазады. 

"Қайғылы оқиғаға әкеп соқтырған автокөлік жарысы болды деген болжам бар, өзге оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, жүріп келе жатқан жол талғамайтын көліктің оң дөңгелегі жарылып, тротуарға қарай ұшқан", — деп жазады "Zello Ақтобе жүргізушілері" қауымдастығында. 

"Диапазон" басылымының жазуынша, Suzuki кроссовері тротуарға ұшып кетіп, қызды қағып өлтірген. Көзбен көрушілердің сөзінше, тағы жас жігіт зардап шеккен. Оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен. 


Жаңалықтар
0