АСТАНА, 7 шілде — Sputnik. Қазақстанның кейбір солтүстік, шығыс және оңтүстік-батыс аудандарында өткінші жауын жауып, ауа температурасы бір қалыпты болады. Еліміздің қалған бөлігінде аптап ыстық ауа райы сақталады. Республиканың батыс аудандарында жоғары ауа температурасы біраз төмендейді, деп хабарлайды Gismeteo.kz сайты.
Қазақстанның орталық облыстарында күн ала бұлтты, өңірдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.
Ақмола облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр, облыстың солтүстігінде күн күркіреуі мүмкін, желдің екпіні 9-14, ұйытқуы 15-20 м/с, күндіз ауа температурасы +26…+28°C, түнде +16…+19°C, өңірдің солтүстігінде күндіз +24…+26°C, түнде +12…+14°C.
Қарағанды облысында көшпелі бұлтты, негізінен жауын жаумайды, күндіз ауа температурасы +26…+29°C, түнде +16…+19°C, өңірдің оңтүстігінде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +34…+38°C, түнде +22…+24°C.
Солтүстік өңірлерде көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел ұйытқиды.
Солтүстік Қазақстан облысында күн көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел 9-14, ұйытқуы 20-25 м/с, күндіз ауа температурасы +20…+22°C, түнде +10…+13°C.
Қостанай облысында көшпелі бұлтты, негізінен жауын жаумайды, желдің екпіні 9-14, ұйытқуы 15-20 м/с, күндіз ауа температурасы +23…+26°C, түнде +13…+16°C.
Павлодар облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде аздап жауын жауады, күн күркірейді, желдің екпіні 9-14, ұйытқуы 20-25 м/с, күндіз ауа температурасы +25…+28°C, түнде +13…+16°C.
Шығыс Қазақстанда ауа райы көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз ауа температурасы +24…+27°C, облыстың батысында +29…+32°C, түнде ауа температурасы +14…+17°C.
Республиканың оңтүстік облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз, аптап ыстық сақталады.
Алматы облысында көшпелі бұлтты, негізінен жауын жаумайды, кешке және түнде өңірдің оңтүстігінде кей жерлерде өткінші жауын жаууы мүмкін, күндіз ауа температурасы +34…+37°C, түнде +22…+24°C, облыстың солтүстігінде +17…+20°C.
Жамбыл облысында оқтын-оқтын желдің екпіні 9-14 м/с, күндіз ауа температурасы +37…+40°C, кей жерлерде +42°C, түнде +22…+24°C.
Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы +40…+42°C, түнде +25…+27°C.
Қызылорда облысында желдің екпіні 9-14 м/с, күндіз ауа температурасы +40…+43°C, түнде +26…+29°C.
Қазақстанның батыс өңірлерінде күн көшпелі бұлтты, басым бөлігінде жауын жаумайды.
Маңғыстау облысында ғана жауын жауып, күн күркірейді, кей жерлерде жел ұйытқиды, күндіз ауа температурасы +23…+27°C, түнде +18…+21°C.
Батыс Қазақстан облысында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын жаумайды, желдің екпіні 9-14 м/с, ауа температурасы күндіз +24…+27°C, түнде +13…+16°C.
Ақтөбе облысында күн ала бұлтты, жауын жаумайды, кей жерлерде желдің екпіні 9-14 м/с, күндіз ауа температурасы +25…+27°C, түнде +14…+17°C.
Атырау облысында күн ала бұлтты, жауын жаумайды, ауа температурасы күндіз +28…+31°C, түнде +18…+20°C.