Погода в Казахстане на июль
"Бастапқы болжам бойынша, осы айдағы орташа ауа температурасы еліміздің басым бөлігінде қалыпты климаттық мәнге ие болады, батыс өңірлерде ғана ауа температурасы нормадан 1°С –қа асады", — деп түсіндірді Меруерт Сәкімова.
Шілде айында Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы тау етегінде жауын-шашын мол түседі. Еліміздің кей өңірлерінде ай басында бұршақ жаууы мүмкін.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, мереке күндері 6-9 шілде аралығында, Қазақстанның солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі, ал оңтүстікте – 42 градусқа дейін.
"Екінші және үшінші он күндікте аптап ыстық салқын әрі жаңбырлы күндермен алмасады", — деді синоптик.