АСТАНА, 6 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі туралы айтып берді.
Елбасы елорданы көшіру керектігіне ешқашан шүбә келтірмегенін атап өтті.
"Мен күмәндансам, жақтастарым одан бетер күмәнданатын еді, сонда бұдан ештеңе шықпас еді. Әлбетте, бұл мәселені парламентте көтергенімде, күмәнданушылар көп болды. Бастапқы да мұны қалжың деп те ойлаған еді. Оларды сергітейін деп айтқан әзілім деп қалды", — деді президент.
"Қалжың емес екенін түсінгенде: "Дауыс берейік, қашан көшіргеніміз жөн? Кем дегенде 40 жыл керек, ол кезде біз, депутаттар, мұнда болмаймыз", — деді. Сөйтіп, дауысқа салды", — деп жалғастырды Назарбаев.
Елбасы айтып бергендей, 3,5 жылдан соң 1997 жылғы желтоқсан айының аязды күні әлгі депутаттар чемодандарын арқалап, Астанаға келді.
"Қазір ешкімнің күмәні жоқ. Қала толығымен салынды, әкімшілік орталық бар, тұрғындар үшін бар жағдай жасалған. Әлемнің түрлі мейрамханасын табуға болады, спорт кешендерінің барлық түрі бар — Олимпиада ойындарын өткізуге болады", — дейді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, қазір Астана қазақстандықтардың мақтанышы, қалаға келген барша қонақтарды тамсандырады.