Қоғам

Бүгін - Астана күні

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің бас қаласына биыл 19 жыл

АСТАНА, 6 шілде — Sputnik. Бүгін Қазақстан халқы Астана күнін атап өтіп жатыр. Астананың еліміздің бас қаласы болғанына биыл 19 жыл толып отыр.

Елбасы Астана күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы: Адамдардың көңіл-күйі жақсы, өздерін қауіпсіз сезінеді

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 

1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен "әлем қаласы" атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

2008 жылдан бастап Астана күні мемлекеттік мейрам – демалыс күні болып жарияланды.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана күнінде қандай мерекелік шараларға баруға болады?

Президент идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді:

"Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар".

Жаңалықтар
0