АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрып, бұршақ түсуі ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні — 15-20, кей жерлерде ұйытқуы — 25 м/с, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысында кей жерлерде жел күшейеді — 15-20, ұйытқуы — 23 м/с.
Батыс Қазақстанда, күндіз Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында желдің екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.
Күндіз Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында ауа райы өте ыстық, кей жерлерде қапырық ыстық болмақ.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.