Экономика

Қазкомның жаңа басшылығы тағайындалды

© SputnikПортфель.
Портфель. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазкоммерцбанк" АҚ-ның жаңа басшысы болып Ульф Вокурка тағайындалды

АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. "Қазкоммерцбанк" АҚ сейсенбіде басқарма құрамында өзгерістердің болғаны туралы хабарлады. 

Теңге - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ұлттық банк Қазком карталарынан ақшаның шешілуіне қатысты жағдайға түсінік берді

"Казкоммерцбанк" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2017 жылғы 3 шілдеде басқарманың келесі мүшелерінің өкілеттілігі тоқтады; Марк Хольцман – басқарма төрағасы; Искандиров Абай Мұқашұлы – басқарма төрағасының бірінші орынбасары; Әміров Рашид Өтебайұлы – басқарушы директор; Дәрменов Асқар Ахмағамбетұлы – басқарушы директор; Ельцов Сергей Валерьевич – басқарушы директор; Инебеков Мұхит Қабылтайұлы – басқарушы директор; Қарақұлов Міржан Елдесұлы – басқарушы директор; Құсаинов Ерұлан Айташұлы – басқарушы директор; Давид Машури – басқарушы директор; Сүлейменов Мұрат Кеншімұлы – басқарушы директор.

Олардың орнына Ульф Вокурка – басқарма төрағасы; Байжанов Ұлан Сапарұлы – басқарма төрағасының орынбасары; Зданович Лариса Петровна – басқарма төрағасының орынбасары; Сатубалдина Жаннат Сагандыковна – басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды.

Басқарма құрамының жаңа мүшелері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкпен келісілуі тиіс.  


Жаңалықтар
0