Қоғам

Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз халыққа үндеу тастады

Жазылу
Екатерина Парафиева тілекші болып, материалдық көмек көрсеткен жанашыр қазақстандықтарға шын жүректен алғысын білдірді

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Алматыдағы жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева отандастарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Жол апаты болған жер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда екі аяғынан айырылған қыз жол апаты туралы айтып берді

Екатеринаның жүрек жарды сөздерін Facebook парақшасында Ольга Агапова жеткізген. 

"Қайырлы күн, достар! Туған-туыстар, дос-жарандар, әріптестер мен ақ жүрек мейірімді жандар!

Жағдайым әжептәуір жақсарып қалды, сіздерге шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Жылы сөздеріңіз, дұға-тілектеріңіз бен отбасыма материалдық көмек көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет!

Сіздердің қолдауыңыз маған қаншалықты күш қуат бергенін елестету қиын, сын сағатында демеу болған өздеріңізсіздер. 

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жол апатында екі аяғынан айырылған қыздың адвокаты куәгерлерді іздейді

Алдымда үлкен жол бар, бірақ бұл сыннан да сүрінбей өтетініме сенімдімін, өйткені айналамда маған қолдау көрсетіп, демеу болар мейірімді жандар өте көп. Сол үшін де мың алғыс!

Көмек қолын созған әрқайсыңызбен жеке танысып, қайырымдылықтарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. 

Кейінірек бұл мүмкіндікке де қол жеткіземін деп сенемін. 

Мың да бір рахмет!!!".

Жол апаты 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылында болған. Honda кроссоверінің жүргізушісі мен жолаушысы жол ортада тоқтап қалған көліктен түсіп, көмек күтіп тұрған: автокөлік сынған кәріздік құдықты басып, дөңгелегі жарылып кеткен екен. Сол сәтте қарама-қарсы бағыттан Toyota шыға келеді де, жолаушылар автобусы оны Honda көлігіне қарай бір-ақ ығыстырады. Салдарынан екі қыз көліктердің арасына қысылып қалған. 

Жаңалықтар
0