АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған жан түршігерлік жол апатында екі аяғынан айырылған қыздың адвокаты куәгерлерді іздеп жатыр.
"Салдарынан екі қыз ауыр жарақат алған, Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік апаттан соң бәріміз есеңгіреп қалдық. Бүгін әріптесім Салатанатпен ауруханада болдым, зардап шеккен Екатерина Парафиева әлі жан сақтау бөлімінде жатыр. Катяның үш жасар қызы бар. Анасы туралы әлі білмейді, Сергейдің (Екатеринаның күйеуі) айтуынша, ол анасын сұрап, көшедегі кісілердің арасынан іздейді екен. Катяның отбасы маған хабарласты, енді оның мүддесін мен қорғаймын", — деп жазды адвокат Жанна Оразбақова Facebook парақшасында.
Адвокат әділдікке қол жеткізіп, айыптыларды анықтау үшін, оқиға куәгерлерін іздейді.
"Оқиғаны көзімен көрген куәгерлерге үлкен өтінішіміз бар: бәлкім, біреуде суреттер, ұялы телефонында немесе видеорегистраторында видеожазбалар сақталып қалған шығар, өтінемін, сол материалдарды бізге беріңіздер, жеке чат арқылы жіберуге болады. Сіздердің көмектеріңізбен осі істі әдлетті түрде жан-жақты талқылауға мүмкіндік аламыз деп ойлаймын. Сіздерге мән-жайды айтып, құлағдар етіп отырамын", — деп жазды адвокат.
Жол апаты 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылында болған. Honda кроссоверінің жүргізушісі мен жолаушысы жол ортада тоқтап қалған көліктен түсіп, көмек күтіп тұрған: автокөлік сынған кәріздік құдықты басып, дөңгелегі жарылып кеткен екен. Сол сәтте қарама-қарсы бағыттан Toyota шыға келеді де, жолаушылар автрбусы оны Honda көлігіне қарай бір-ақ ығыстырады. Салдарынан екі қыз көліктердің арасына қысылып қалған. Зардап шегушілердің бірі екі аяғынан айырылды. Полиция жол апатын тергеп жатыр.