АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Ақмола облысында соққан дауыл әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының шатырын жұлып әкетті, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Дүйсенбі 3 шілде күні сағат кешкі сегізде дауыл соғып кеткен.
Ведомство мәліметінше, Есіл қаласында 24-25 м/с жылдамдықпен ұйытқып соққан жел орталық аудандық аурухана ғимаратының, үш қабатты тұрғын үйдің, орта мектеп, балабақша, аудандық білім беру бөлімі және тағы бес жеке үйдің шатырын жұлып әкетіпті.
Знаменка ауылында орта мектеп ғимаратының 800 шаршы метр шатыр қирады және Ақсай ауылында – 120 шаршы метр дәмхана шатыры.
Қатты дауыл электр желілерін жұлып, салдарынан Есіл қаласы мен Ақсай және Қаракөл ауылдарының тұрғындары жарықсыз қалыпты.
Есіл орталық аудандық ауруханасына 1967 жылы туған әйел жатқызылды, ол үй шатырының бөлігі құлаған кезде жарақат алған екен.
Есіл қаласы әкімдігінде жедел штаб құрылып, апаттық бригада электр жарығын қалпына келтіруде.