АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Астанадағы бесінші сирияаралық келіссөздерде қамаудағыларды босату туралы келісім жасалуы мүмкін, деп хабарлады РИА Новости дереккөзге сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, бостандыққа шығару туралы келісімнің мәтіні дайын, тек мақұлданса ғана болғаны. Өткен жолы тараптар келісім жасауға үлгермей қалған.
Астанадағы Сирия бойынша бесінші кездесу 4-5 шілде күндері өтеді. Сирия үкіметі мен қаруланған оппозиция қатысатындықтарын растады.