АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Қазақстан Сириядағы шиеленісті реттеу бойынша Астанада 4-5 шілдеге жоспарланған кездесуге дайындалып жатыр, болмай қалады деген ешқандай тұспалдау жоқ, деп хабарлады РИА Новостиге СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
Бұдан бұрын БАҚ-та кездесуді болдырмау мақсатында Сирияда содырлар опасыздық жасауды ойланыстыр жаптыр деген ақпарат тарады. "Джебхат ан-Нусра" (ҚР, РФ тағы бірқатар елдере тыйым салынған) тобының лаңкестері сириялық Хан-Шейхун және Кефрайя қалаларында заринді пайдаланумен шабуыл жасауды жоспарлап отыр деп хабарланған.
"4-5 шілдеге белгіленген кездесуге әзірлікті жалғастырып жатқанымызды ғана растай аламын. Мендегі ақпарат осы ғана. Болмай қалады деген ешқандай тұспалдау жоқ", — деді Жайнақов.
Сирия бойынша Астана процесінің жоғары деңгейдегі алдыңғы кездесуі 2017 жылғы 3-4 мамырда Қазақстанның бас қаласында өтті. Келіссөздерге кепілгер-мемлекеттермен бірге Сирия үкіметінің және қарулы оппозициясының, сондай-ақ БҰҰ, Иордания және АҚШ делегациялары қатысты.
Кездесудің басты қорытындысы кепілгер-мемлекеттердің Сирияда жанжалды тежеу аймақтарын құру туралы меморандумға қол қоюы болды. Аталған құжат зорлық-зомбылықты тоқтатуға, Сирияның бірлігі мен аумақтық біртұтастығын сақтауға, сондай-ақ қақтығысты саяси реттеуге бағытталған.
Астана процесі Сириядағы жағдайды реттеу жолындағы қосымша арна болып табылады. Мүдделі тараптар бас қосатын негізгі алаңның БҰҰ аясында Женевадағы келіссөздер екендігі белгілі.