Саясат

Астанадағы Сирия бойынша кездесуге АҚШ елінен кімнің келетіні белгілі болды

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада бесінші рет өткізілетін сириялық кездесуге АҚШ мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері бойынша көмекшісі қызметін атқарушы қатысады

АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. АҚШ елшілігі Астанада Сирия бойынша өткізілетін бесінші келіссөзге қатысатын өкілінің есімін атады. 

"Астанада 4-5 шілдеде өткізілетін Сириялық келіссөздерге АҚШ атынан Мемлекеттік хатшының Таяу Шығыс істері бойынша көмекшісі қызметін атқарушы Стюарт Джонс қатысады", — делінген елшіліктің сейсенбі күні жарық көрген хабарламасында. 

Бастапқы үш кездесуде АҚШ өкілі Қазақстандағы елші Джордж Карл болған еді. Ал алдыңғы – төртінші  кездесуде оны Стюарт Джонс алмастырған. 


Жаңалықтар
0